back to top

Corporate Chess Cup 2026: Астанада корпорациялар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді

2026 жылдың 29 мамырында Астанада Corporate Chess Cup 2026 командалық шахмат турнирі өтеді. ЖарысThe St. Regis Astana қонақ үйінде сағат 10:00-де басталып, 17:00-де аяқталады. Шараны Freedom Holding Corp қолдауымен KazChess/Қазақстан шахмат федерациясыұйымдастырады.

Бүгінгі таңда 20 команда тіркеліп, өтінімдердіқабылдау жалғасуда. Қатысушылар арасында қазіргічемпион ERG және вице-чемпион NCOC, сондай-ақеліміздің мұнай-газ, медиа, телекоммуникация жәнеқаржы секторларындағы ірі компаниялар бар.

 

Қатысушылар тізімі:

1. «Теңізшевройл» ЖШС
2. «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ
3. ERG («Еуразиялық Топ» ЖШС)
4. ERG 2 («Еуразиялық Топ» ЖШС)
5. «Хабар» Агенттігі» АҚ
6. «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ
7. Allur
8. Kaz Minerals Bozshakol
9. «Qazaq National Product» ЖШС
10. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
11. «Қазмедиа орталығы» БО» ЖШС
12. Эйр Астана
13. «Мобайл Телком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel)
14. «Астана Хаб» ХТПБ
15. Almaty Management University
16. NCOC (North Caspian Operating Company) NV
17. Freedom Holding
18. Kazakhmys
19. NGS жаңа буын мектебі
20. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.

 

Жарыс командалық форматта өтеді: швейцариялықжүйе бойынша 7 тур, уақыт бақылауы рапид 10+3 (партияға 10 минут және әр жүріс үшін 3 секунд қосылады). Әр команда құрамында 4 негізгі ойыншы және1 қосалқы ойыншы болады.

Турнирге халықаралық, қаржылық және коммерциялықұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. Қатысушыөтінім берген сәтте компанияда кемінде 6 ай жұмысөтілінің болуы міндетті. Гендерлік шектеу қойылмайды, бірақ әр команда құрамында 2026 жылдың 1 мамырдағыкөрсеткіш бойынша халықаралық атағы мен 2000-нан жоғары рейтингі бар ең көп дегенде екі ойыншы болуышарт.

Жеңімпаз командалық ұпайлар бойынша анықталады: жеңіс 2 ұпай, тең ойын 1 ұпай, жеңіліс 0 ұпай. Ұпайлар тең болған жағдайда қосымша көрсеткіштер, яғни жеке ұпайлар, Бухгольц коэффициенті, өзара кездесулер нәтижесі, командалық жеңістер саныескеріледі.

Бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгенкомандалар ақшалай сыйлықтармен марапатталады: 1орын 1 млн теңге, 2 орын 650 000 теңге, 3 орын 350 000 теңге. Жүлдегер командалардың ойыншыларынамедальдар мен дипломдар табысталады.

Жеңімпаз команда FIDE World Corporate ChessChampionship 2026 корпорациялар арасындағы әлемчемпионатына қатысу жолдамасын иеленеді. Астанадағытурнир дәл осы жолдаманы сарапқа салу мақсатындаөткізіліп отыр.

Корпорациялар арасындағы әлем чемпионаты тарихыжаңадан басталған жарыстардың бірі. Алғашқы дода 2024 жылы маусым айында Нью-Йоркте өтіп, шахмат қауымдастығының үлкен қызығушылығын тудырды. 2026 жылы турнир үшінші рет ұйымдастырылады. Оғанқазақстандық ұжымнан бөлек, әлемнің түкпір-түкпіріненкорпоративтік құрамалар қатысады.

Бұл жарыс Халықаралық шахмат федерациясының(ФИДЕ) бизнесті шахматты дамытуға тарту идеясынантуындаған. Федерация мәліметтері бойынша, бүгіндеәлемде 600 миллионнан астам адам (жер шары халқыныңшамамен 7%-ы) тұрақты немесе мезгіл-мезгіл шахмат ойнайды. ФИДЕ бұл көрсеткішті бір миллиардқажеткізуді мақсат етіп отыр. Ол үшін демеушілер мен корпоративтік серіктестер қажет, ал Corporate Chess Cup осы бағыттағы маңызды құралдардың бірі. Компанияларшахматты тек қаржыландырып қана қоймай, өздері де бұлзияткерлік ойынның тікелей қатысушысына айналды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР