Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынған шешуші белдесулер аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
66 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Ұлттық құрама спортшысы Нұрқанат Серікбаев қытайлық Сюэ Цзыянға жол берді.
Ертең татамиге 57 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін отандастарымыз Дана Әбдірова мен Бақыт Құсақбаева шығады.


