
Астана халықаралық ат спортының маңыздыалаңына айналды. FEI аясында өткен жарыстар біркүннің ішінде конкурдың қарқынын, Challenge финалының тартысын және атпен мәнерлепжүрудің әсем болмысын қатар көрсетті. Аренадаспортшылар үшін әр секунд, әр кедергі, әрқозғалыс шешуші мәнге ие болды.
CSI-W FEI Jumping World Cup бағдарламасындағы №1 жарыс 125 см биіктіктегібағыт бойынша өтті. Бұл сында спортшыларжылдамдық пен техниканы қатар ұштастырып, бағытты сенімді еңсеруге тырысты.
? 1-орын – Хуршидбек ӘЛІМЖАНОВ (CHAMPIONS LEAGUE)
? 2-орын – Бекжан БАЙЖАНҰЛЫ (KING DIAMOND)
? 3-орын – Ринат ГАЛИМОВ (D’ARTAGNAN Z)
? 4-орын – Ринат ГАЛИМОВ (KIRA VAN DE LAREN Z)
? 5-орын – Раиса СОКОЛЕНКО (CLUE GOLD)
FEI Jumping World Challenge Final 2026 аясындағы алғашқы іріктеу жарысы 115 см биіктікте өтті. Бұл бағытта спортшылардан тек жылдамдық емес, тұрақтылық, дәл есеп және әркедергіні таза бағындыру талап етілді.
? 1-орын – Бекзод РОЗМУХАМЕДОВ (FLORIZELL)
? 2-орын – Бернардо КРАУС ГЕРРА (OLZA)
? 3-орын – Эйми КОЛЛИНСОН (HI DIARADO)
Күннің ең күрделі сынақтарының бірі – CSI-W FEI Jumping World Cup аясындағы №2 жарыс, BANK CENTER CREDIT EQUESTRIAN CUP Гран-приіне іріктеу бағыты болды. 140 см биіктіктегі маршрут спортшылардан барыншажинақылық, қарқынды дәл бақылау және атпентолық түсіністік талап етті.
? 1-орын – Олег СОКОЛЕНКО (CINDERELLA)
? 2-орын – Сергей ПЕТРОВ (NERO VAN’T PRINSENVELD)
? 3-орын – Олеся ЛУКИНА (CONTE RICO)
Challenge Final бағдарламасының екіншііріктеу жарысы 120 см биіктікте өтіп, бірінші орынүшін қайта секірумен ерекшеленді. Тартыстыбәсекеде:
? 1-орын – Бекзод РОЗМУХАМЕДОВ (FLORIZELL)
? 2-орын – Нал ЗЕРУАЛ (SHAH)
? 3-орын – Бернардо КРАУС ГЕРРА (OLZA)
? 4-орын – Азам ТОЛИББАЕВ (ADMIRAL)
? 5-орын – Ануар ДОСМАИЛОВ (RAMBO)
Конкур жарыстарымен қатар, CDI 1* FEI Dressage бағдарламасындағы St. George сыны да көрерменге ерекше әсер қалдырды. Бұл жердежылдамдықтан гөрі ырғақ, дәлдік, жұмсақ басқаружәне ат пен спортшы арасындағы үнсіз үйлесімбағаланды.
? 1-орын – Алина ШЕВЦОВА (NOCITO DE MUZE)
? 2-орын – Екатерина КАРКАВЦЕВА (SANGRIA)
? 3-орын – Дарья ПОПОВА (GRAVER)
Бұл жарыстар Астанадағы халықаралықтурнирдің спорттық мазмұнын айқын көрсетті. Біраренада жылдамдық та, тәуекел де, сабыр да, әсемдік те тоғысты. Ең бастысы, бұл күнқазақстандық ат спортының халықаралықдеңгейдегі жарыстарды қабылдай алатын әлеуетінтағы бір мәрте танытты.


