back to top

Каратэ: Қос отандасымыз Жапониядағы беделді турнирде сәтті өнер көрсетті

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Жапония астанасы Токиода аяқталған шинкиокушинкай каратэден беделді «Чемпиондардың чемпионы TOP-9» халықаралық жарысында Қазақстан командасы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Атап айтқанда, ерлер арасында Анджей Кинзерский барлық қарсыласынан айласын асырып, алтыннан алқа тақты. Жартылай финалда ол Энтас Хаускастан (Литва) 5-0 есебімен басым түсті. Финалда Анджей тағы бір отандасымыз Антон Зимаревпен күш сынасты. Антон Паулюс Зимантасты ұтып, шешуші жекпе-жекке жолдама алған.

Атап өтерлігі, биыл жарыс барысында алғаш рет екі шетелдік спортшы ақтық сынға шығып отыр. Нәтижесінде Анджей бас жүлде 10 миллион жапон иеніне, ал Антон 2 миллион иенге ие болды.

Жалпы турнир ерлер арасында әлемнің таңдаулы 9, әйелдер арасында 8 үздік татами шеберінің басын қосты.

Еске сала кетейік, Анджей Кинзерский былтыр жалпы ұлттық  Жапония чемпионатында топ жарып, мұндай көрсеткіш тіркеген тұңғыш шетелдік спортшы атанған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР