Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы
15 жастағы қазақстандық шахматшы Мария Холявко Әзербайжандағы Guba Open 2026 – Group A халықаралық турнирінде әйелдер арасында бірінші орынды иеленді. Әйелдер арасында екінші орында да Қазақстан өкілі – 19 жастағы Аяулым Қалдарова тұр, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
Мария мүмкін 9 ұпайдың 6-сын жинады: бес жеңіске жетіп, екі рет тең ойнап, екі жеңіліс тапты. Жалпы есепте қазақстандық 5–13 орындарды бөлісті, қосымша көрсеткіштер бойынша 12-орынға тұрақтады. Осы нәтиже Марияға әйелдер арасында үздік болуға мүмкіндік берді. Әйелдер арасында екінші орынды 5 ұпай жинаған қазақстандық Аяулым Қалдарова иеленді. Үшінші орында Әзербайжаннан Лала Гүсейнова тұр.
Guba Open 2026 – 2nd International Chess Festival Әзербайжан шахмат федерациясы мен «Ağ Top» шахмат клубының бірлескен ұйымдастыруымен 2026 жылғы 4–10 қыркүйек аралығында Әзербайжанның Губа қаласында өтті. Турнир ұзақ жылдар бойы Губадағы шахмат мектебін басқарған халықаралық төреші Гүдрат Исмаиловтың (1961–2025) есіміне арналды.
Фестивальдің басты турниріне 11 елден 76 шахматшы қатысты, оның ішінде алты гроссмейстер және он халықаралық мастер болды. Турнирдің жалпы есебінде жеңімпаздар атанған Әзербайжан өкілдері Мисратдин Искандаров пен Вугар Манафов 7 ұпайдан жинаса, үшінші орынды FIDE өкілі Михаил Можаров иеленді.


