back to top

Надежда Рябец Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан командасының тәжірибелі өкілі Надежда Рябец -80 кг дейінгі салмақтың ақтық айқасында өзбек былғары қолғап шебері Рухшона Парпиева жұдырықтасты. Алма кезек шабуылмен өткен жекпе-жекте отандасымыз басым түсті. Есеп: 5-0.

Надежда жартылай финалда Пуджа Раниді (Үндістан) 3-1 есебімен ұтқан. Бұл — Рябецтің ересектер санатындағы сары құрлық бәсекесіндегі алғашқы алтыны.

Осыған дейін шаршы алаңға шыққан Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс жүлдеге ие болды. Енді біраздан соң аса ауыр салмақтағы (+80 кг) Дина Исламбекова финалда бақ сынайды.

Осыған дейін әйелдер командасы сапынан Айгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР