back to top

Қазақстан алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогын қабылдады: Астанадағы тарихи турнирдің қорытындысы  

Сурет: Сали Сабиров, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

Астанада ерлер мен әйелдер арасында шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы өз мәресіне жетті — бұл Халықаралық семсерлесу федерациясы ұйымдастыратын негізгі турнирлердің бірі. Қазақстан өз тарихында алғаш рет осындай деңгейдегі жарысты қабылдап, Орталық Азияда аталған қару түрі бойынша Әлем кубогін өткізген алғашқы ел атанды.
Турнир 26–29 наурыз аралығында ЛАСК Qazaqstan базасында өтіп, әлемнің 60-тан астам елінен 500-ден аса спортшыны жинады. Бапкерлерді, төрешілерді және ресми делегацияларды қоса есептегенде, қатысушылардың жалпы саны 1000 адамнан асты.

Турнир барысы
Жарыстың алғашқы күні ерлер арасындағы іріктеу кезеңі өтті. Қазақстан атынан 30 спортшы қатысып, нәтижесінде Ерлік Сертай мен Кирилл Проходов негізгі кезеңге жолдама алды.
Екінші күні әйелдер арасындағы іріктеу жекпе-жектері өтті. Іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан атынан Ирина Бакалдина негізгі кезеңге өтіп, кейіннен Әлем кубогының үздік 16 спортшысының қатарына енді.
Шешуші кезеңдер 28–29 наурыз күндері өтіп, жекелей және командалық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

 
Жекелей нәтижелер
Қазақстан құрамасы үшін басты жетістік — команда көшбасшысы Руслан Курбанов финалға шығып, күміс жүлде жеңіп алуы болды. Ол финалда украиналық спортшы Роман Свичкарге 13:15 есебімен есе жіберді.
Финалға дейінгі жолда Курбанов жоғары шеберлік пен қайсарлық көрсетті. Маңызды жекпе-жектердің бірінде ол Жапонияның Олимпиада және әлем чемпионы Кано Кокиді жеңді. Ширек финалға шығу жолындағы кездесуде жарақат алғанына қарамастан, ол жарысты жалғастырып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
“Менде турнирден шығып кету мүмкіндігі болды, бірақ біз бапкерім Александр Горбачукпен алдыға барамыз деп шештік, тәуекелге қарамастан әр жекпе-жекке шықтық. Осындай сәттерде «үйде қабырға да көмектеседі» деген сөздің рас екеніне көз жеткізесің.

Ауырсынуға қарамастан, мен жарыстан жай ғана шығып кете алмадым және соңына дейін жетуге тырыстым. Қорытындылай келсек, мен үшін осы күміс жүлде өте ерекше.
Сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауын ерекше атап өткім келеді. Мен мұндай назарға үйренбегенмін, бір сәтте тіпті сәл ыңғайсыздандым, алайда осынша жанкүйерлер келгеніне қуанып қалдым, әсіресе бізді қолдап келген жастарға», — Русланның өзі бөліседі.

Сонымен қатар, мемлекет пен серіктестердің қолдауына алғысымды білдіремін,
Бұл Курбанов үшін Әлем кубогінде екі рет қатарынан жеңген екінші жүлдесі — бұған дейін ол Хайденхаймдағы турнирде жеңімпаз атанған. Әлемдік семсерлесу тарихында екі Әлем кубогінде қатарынан алтын мен күміс алу — сирек кездесетін жоғары нәтиже.

Ерлер:
1. Roman Svichkar 🇺🇦
2. Ruslan Kurbanov 🇰🇿
3. David Nagy 🇭🇺
4. Mohamed Elsayed 🇪🇬

Әйелдер:
1. Song 🇰🇷
2. Katrina Lehis 🇪🇪
3. Diane Von Kerssenbrock 🇫🇷
4. Alberta Santuccio 🇮🇹

Сондай-ақ, қазақстандық басқа спортшылар да жоғары нәтиже көрсетті. Кирилл Проходов турнирдің үздік 16 спортшысының қатарына еніп, Франция өкілі Александр Барденені және Корея Республикасының спортшысы Ян Еджинді жеңді.
Ирина Бакалдина да жарысты үздік 16 спортшы қатарында аяқтады. Бұл — Қазақстандағы әйелдер арасындағы шпагамен семсерлесу тарихындағы ең үздік нәтиже.

Командалық жарыстар
Командалық сайыстарда Қазақстанның ерлер құрамасы турнирдің үздік төрт командасының қатарына енді. Құрамада тәжірибелі Эльмир Алимжанов пен Вадим Шарлаимовпен қатар жас спортшылар Александр Федотов пен Никита Жулинский өнер көрсетті.
Жартылай финалға дейін қазақстандықтар Австралияны (45:35), Польшаны (42:41) және АҚШ-ты (45:40) жеңіп, жоғары деңгейдегі дайындық пен командалық ауызбіршілікті көрсетті.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Францияға жол берді. Қола жүлдесі үшін өткен кездесуде Жапония құрамасымен тартысты жекпе-жек өткізіп, небәрі екі ұпай айырмасымен жеңіліс тапты. Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы турнирді 4-орынмен аяқтады.
Ерлер:
1. ⁠ ⁠Франция
2. ⁠⁠Италия
3. ⁠⁠Жапония

Әйелдер:
1. ⁠Корея
2. АҚШ
3. Италия

Халықаралық бағалау
Астанада өткен Әлем кубогі халықаралық семсерлесу қауымдастығы тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Қатысушылар мен бапкерлер қаладағы спорт инфрақұрылымы мен жарысты ұйымдастыру деңгейін ерекше атап өтті.
Чехия құрамасының көшбасшысы Якуб Юрка турнир деңгейін әлем чемпионатымен салыстырып, Астананың заманауи әрі қарқынды дамып келе жатқан қала екенін атап өтті.

Федерация президентінің пікірі
Қазақстан семсерлесу федерациясының президенті, Азия семсерлесу конфедерациясының вице-президенті Мирбулат Абуов былай деді:
«Бұл біз үшін жай ғана халықаралық турнир өткізуіміз ғана емес — бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі және Халықаралық семсерлесу федерациясының сенімінің белгісі. Астанадағы Әлем кубогі бірден бірнеше міндетті  шешеді: еліміздің әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізу мүмкіндігін көрсетті және де семсерлесуді дамытуға ықпал етіп, жас спортшыларымызға үздіктермен бәсекелесуге мүмкіндік берді.
Біз халықаралық қауымдастықтан жоғары баға алып отырмыз, ендігі басты мақсат — осындай турнирлерді тұрақты түрде өткізу».

Турнирдің маңызы
Әлем кубогінің өткізілуі Қазақстандағы семсерлесу спортының дамуына серпін беріп, елдің халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтты.
Турнир Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық дайын екенін дәлелдеп, спорт инфрақұрылымы мен спортшыларды даярлау жүйесінің дамуына маңызды қадам болды.
Қазақстанда өткен Әлем кубогі «Samruk-Kazyna» ҰӘҚ қоры мен Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының бас серіктестігімен, сондай-ақ Sport Qory спортты қолдау қоры мен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР