
Астанада FEI Jumping World Cup EurasianLeague, FEI Jumping World Challenge Final 2026 және FEI CDI 1/CDI 3 Dressage** жарыстарынбіріктірген халықаралық ат спорты турниріаяқталды. Үш жарыс күні бойы аренада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Бразилия, Үндістан, Беларусь, Колумбия, Марокко, Оңтүстік Африка Республикасы және басқа да елдердіңспортшылары өнер көрсетті. Турнир маусымдағыең ірі халықаралық жарыстардың біріне айналып, әлемнің және өңірдің үздік шабандоздарынжинады.
Турнир FEI Jumping World Challenge Final іріктеу жарыстарымен және CSI-W Әлем кубогыкезеңімен басталды. CSI-W FEI Jumping World Cup бағдарламасының 125 см бағыты бойыншаХуршидбек Әлімжанов (Өзбекстан) CHAMPIONS LEAGUE тұлпарымен жеңіске жетті. БекжанБайжанұлы (Қазақстан) KING DIAMOND тұлпарымен күміс жүлдеге ие болса, Ринат Галимов (Қырғызстан) D’ARTAGNAN Z тұлпарымен қола жүлдені жеңіп алды.
FEI Jumping World Challenge Final 2026 бағдарламасының алғашқы іріктеу жарысындаБекзод Розмухамедов (Өзбекстан) FLORIZELL тұлпарымен жеңіске жетті. Екінші орындыБернардо Краус Герра (Бразилия), үшінші орындыЭйми Коллинсон (Жаңа Зеландия) иеленді.
Бірінші күннің ең күрделі сынақтарының біріCSI-W FEI Jumping World Cup аясындағы BANK CENTER CREDIT EQUESTRIAN CUP Гран-приінеіріктеу бағыты болды. 140 см биіктіктегімаршрутта Олег Соколенко (Қазақстан) CINDERELLA тұлпарымен жеңіске жетті. Күмісжүлдені Сергей Петров (бейтарап), қола жүлденіОлеся Лукина (бейтарап) иеленді.
Challenge Final бағдарламасының екіншііріктеу жарысында Бекзод Розмухамедов(Өзбекстан) тағы да үздік нәтиже көрсетті. Күмісжүлде Нал Зеруалға (Марокко), қола жүлдеБернардо Краус Герраға (Бразилия) бұйырды. Үздік бестікке Ануар Досмаилов (Қазақстан) та енді.
CDI 1* FEI Dressage бағдарламасындағы St. George сынында жеңіс Алина Шевцоваға(Өзбекстан) бұйырды. Екатерина Каркавцева(Қырғызстан) күміс жүлдеге ие болса, Дарья Попова (Қазақстан) қола медаль жеңіп алды.
Екінші күні CDI Intermediate I бағдарламасында Дарья Попова (Қазақстан) күмісжүлдегер атанды. Grand Prix «BANK CENTER CREDIT CUP» CDI 3* жарысында жеңісті тағы да Алина Шевцова (Өзбекстан) тойлады. Ал үшінші орын Екатерина Каркавцеваға (Қырғызстан)бұйырды.
CSI-W FEI Jumping World Cup бағдарламасының 135 см бағыты бойынша Олег Соколенко (Қазақстан) қола жүлдеге ие болды. Ал ULTIMA YANDEX CUP жарысында Раиса Соколенко (Қазақстан) URAN-NAD WIGRAMI тұлпарымен жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынынаалтын медаль салды.
Екінші күннің ең әсерлі жарыстарының біріSix Bar Jump-Off болды. Кедергілер биіктігі 170 сантиметрге дейін көтеріліп, нәтижесіндежеңімпаз атанған Нурила Тұрысбекова мен Ясмин Ибрагимова Қазақстанға тағы екі алтын жүлдеәкелді.
Қорытынды күні FEI Jumping World Challenge Final жеңімпаздары анықталды. Final Competition – Challenge Final (120 см) жарысында жеңісБернардо Краус Герраға (Бразилия) бұйырса, күмісжүлдені Бекзод Розмухамедов (Өзбекстан), қолажүлдені Николас Родригес Посада (Колумбия) иеленді.
CSI-W AEF/Mantena CUP (135 см) жарысындақазақстандық спортшылар жоғары нәтижекөрсетті. Олег Соколенко SHENANIGAN тұлпарымен жеңімпаз атанып, SELLY BLUE тұлпарымен екінші орынға ие болды. НурилаТұрысбекова қола медаль жеңіп алды.
Турнирдің басты жарысы – Grand Prix Maxima Masters Eurasia Cup CSI-W (160 см) болды. Бұлбағытта Богдан Васковский (бейтарап) EMILION FONROQUE тұлпарымен жеңіске жетті. Ксения Хайрулина (бейтарап) күміс жүлдегер атанса, қоламедаль Камил Сабитовқа (Қырғызстан) бұйырды.
CDI 1* бағдарламасындағы INTERMEDIATE I FREE STYLE «AEF/Mantena CUP» жарысындаДарья Попова (Қазақстан) қола жүлде жеңіп алды. Ал GRAND PRIX FREESTYLE CDI 3* бағдарламасында жеңіс тағы да Алина Шевцоваға(Өзбекстан) бұйырды.
Үш жарыс күнінің қорытындысы бойыншаҚазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды. Бұлнәтиже қазақстандық спортшылардыңхалықаралық аренадағы жоғары дайындықдеңгейін және еліміздегі ат спортының қарқындыдамуын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақстан құрамасының көшбасшылары қатарында Олег Соколенко, Раиса Соколенко, Нурила Тұрысбекова, Ясмин Ибрагимова, ДарьяПопова, Бекжан Байжанұлы болды.
Турнир Қазақстандағы ат спортының жоғарыдеңгейде дамып келе жатқанын тағы бір мәртедәлелдеп, Астананың Халықаралық ат спортыфедерациясы (FEI) аясындағы беделдіхалықаралық жарыстарды қабылдай алатынжетекші алаңдардың бірі екенін көрсетті.


