back to top

Қазақстан мен Түркменстан FACI аясында шахматтық ынтымақтастықты нығайтуда

Көкшетаудағы Шахмат үйінде Түркменстан ұлттыққұрама командасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Жиын Freedom Asian Chess Initiatives (FACI) жобасыаясында Қазақстан Шахмат федерациясы мен Түркменстан Шахмат федерациясының бірлескенқолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл жиын команданың алдағы халықаралық жарыстарғадайындығының маңызды кезеңі болды және екі елдіңшахмат федерациялары арасындағы ынтымақтастықтыдамытудағы келесі қадамға айналды.

FACI бағдарламасы аясында тараптар спортшылардыдайындау және жаттықтырушылардың біліктілігінарттыру үшін қосымша мүмкіндіктер жасау бойыншабірлесіп жұмыс істейді. Мұндай жиындар тек спорттықдайындықтың бөлігі ғана емес, сонымен қатар шахматтықдипломатияның жарқын үлгісі болып отыр: бірлескенжұмыс, тәжірибе алмасу және кәсіби қарым-қатынасарқылы федерациялар өңір елдері арасындағы сенімдінығайтып, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуда.

Екі апта бойы спортшылар KazChess жаттықтырушысы, гроссмейстер Александр Рахмановтың жетекшілігіменшахматтық білімдерін жетілдіруге жұмыс жасады. Ерекше назар алдағы Aktobe Open турниріне дайындыққааударылды.

Жиын өткізу орнының Көкшетау қаласы болуы кездейсоқемес. Көкшетаудағы Шахмат үйіҚазақстан Шахмат федерациясының негізгі оқу-жаттығу базасы. Кешендехалықаралық деңгейдегі жаттығу шараларын өткізугеарналған заманауи ойын залдары мен қажеттіинфрақұрылым бар.

Бұл жиындар түркі мемлекеттері арасындағыынтымақтастықтың белсенді дамуы аясында өтуде. Жиынның қарсаңында түркімен шахматшылары Астанадаөткен Түркі елдерінің бірінші командалық шахмат чемпионатында табысты өнер көрсетіп, төрт жеке медаль жеңіп алды: Джахан Реджепова үшінші тақтада күміс, Сапармурат Атабаев ерлердің бірінші тақтасында қола, Лала Шохрадованың әйелдердің бірінші тақтасында қолажәне Дильбер Хупбиева жасөспірімдер Олимпиадасыныңтөртінші тақтасында қола медаль иеленді. Бұл нәтижелерТүркменстанда шахматтың дамып келе жатқанын растадыжәне алдағы халықаралық старттарға дайындықтыңмаңызды кезеңі болды.

Соңғы жылдары шахмат өңір елдері арасындағы кәсібижәне мәдени байланыстарды нығайту үшін маңыздыалаңға айналуда. Бірлескен жобалар спортшылардыңшеберлігін арттырумен қатар, федерациялар, жаттықтырушылар мен спортшылар арасындағы өзара іс-қимыл үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Шахмат үйінің базасында Kazchess әріптестерініңарқасында жаттығу процесіне, қарым-қатынасқа жәнедемалысқа қажетті барлық жағдай жасалды. Жиын өтеқарқынды өттікүніне 6 сағаттан. Балаларға өтеқызықты болды. Александр Андреевич Рахманов дұрысойлауға үйретеді, әсіресе позициялық шахматқабаулыйды. Сондай-ақ жаттықтырушы командалықойынға, оған психологиялық тұрғыдан қалай дайындалуғаназар аударады, бұл қазір өте өзекті. Біз білетініміздей, қыркүйекте Самарқанда шахмат олимпиадасы өтеді. Сондықтан мұндай дайындық біздің құрама үшін өтепайдалы. Түркменстан Шахмат федерациясының атынанҚазақстан Шахмат федерациясына біздің құраманыдайындаудағы күшті қолдауы мен көмегі үшін шынайыалғысымызды білдіремін», — деді Түркменстан Шахмат федерациясының Бас хатшысы Мерген ОвезмурадовичКакабаев.

FACI бағдарламасын бірлесіп іске асыру ағымдағыдайындық кезеңінен кейін де жалғасады. Алдағы айлардақосымша білім беру іс-шаралары мен командамен онлайн жұмыс жоспарлануда. Сондай-ақ қыркүйекте өтетінӘлемдік шахмат олимпиадасының алдында Көкшетаудакелесі кезекті очный жиын өткізу қарастырылуда.

Freedom Asian Chess Initiatives (FACI) жобасыҚазақстан Шахмат федерациясымен Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) және Азиялық шахмат федерациясының (ACF) қолдауымен Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның негізгімақсатыбілім беру бағдарламалары, оқу-жаттығужиындары, ұлттық федерацияларды қолдау және кәсібитәжірибе алмасу арқылы Азия елдерінде шахматтыдамытуға жәрдемдесу.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР