back to top

Қазақстан құрамасының рейтингтегі жағдайы белгілі болды

Қазақстан құрамасы қазан айындағы матчтардан кейін Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан Ұлттық құрамасы. Сурет: https://qazsporttv.kz

Сайттың хабарлауынша, Football-ranking.com кестесінде Қазақстан құрамасы үш сатыға көтеріліп, 115-орынға жайғасты.

Қазан айында Талғат Байсуфиновтың шәкірттері 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында екі матч өткізді. 10 қазанда Қазақстан құрамасы Астанада Лихтенштейнді (4:0) жеңді, ал үш күннен кейін Солтүстік Македониямен сенсациялық түрде тең түсті (1:1).

FIFA рейтингінің алғашқы ондығында да өзгерістер күтілуде. LIVE рейтингіне сәйкес, Аргентина құрамасы екінші орынға көтеріліп, Францияны үшінші орынға итермелейді, ал Хорватия Германияға жол беріп, Топ — 10-дан кетеді.

15 қазандағы FIFA-ның LIVE рейтингі келесідей:

1 (1). Испания-1880,

2 (3). Аргентина – 1872,

3 (2). Франция-1862,

4 (4). Англия-1824,

5 (5). Португалия-1778,

6 (6). Бразилия-1761,

7 (7). Нидерланды-1759,

8 (8). Бельгия-1740,

9 (10). Италия-1717,

10 (12). Германия-1713,

…115 (118). Қазақстан-1168.

* FIFA ресми рейтингі 23 қазанда жарияланады.

Қазақстан 2026 жылғы Әлем кубогынан шет қалды

Айта кетейік, Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды. Өткізілген 7 матчтан кейін 7 ұпаймен команда өз тобында 4-орынға ие болып, кестеде көш бастап тұрған Бельгиядан 7 ұпайға артта қалды. Қосалқы матчтарға қатысуға құқық беретін 2-орында тұрған Солтүстік Македониядан қазақстандықтарды 6 ұпай бөледі.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгияға қарсы бір ойын өткізуі керек. Ол 15 қарашада Астанада өтеді.

J тобының турнир кестесі
Бельгия — 14 ұпай (6 ойын)
Солтүстік Македония-13 ұпай (7 ойын)
Уэльс-10 ұпай (6 ойын)
Қазақстан-7 ұпай (7 ойын)
Лихтенштейн-0 (6 ойын).

Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР