back to top

Қазақстан студенттер арасындағы жылдың басты шахмат турнирі FIDE-ні қабылдайды – Тимур Турлов

Қазақстанда Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) қолдауымен 2026 жылдың ең ірі турнирлерінің біріуниверситеттер арасындағы командалықәлем чемпионатының финалы өтеді. Бұлтуралы Қазақстан шахмат федерациясыныңпрезиденті Тимур Турлов мәлімдеді.

Тимур Турлов өзінің авторлық бағанындаатап өткендей, FIDE World University Team Chess Championship 2026 тамыз айындаАлматы қаласында өтеді және ол жаһандықдеңгейдегі студенттік шахматтың нағызжаңаруына айналмақ.

«Бұл әлемдік шахматтағы кәсібиқауымдастықтың 2021 жылдан бері күткен«студенттік форматты» толыққанды қайтапайымдауы болмақ. Естеріңізге сала кетейін, сол жылы пандемия кезінде 1st World University Online Rapid Championship өткенболатын, бірақ ол толығымен онлайн форматта ұйымдастырылды. Енді бұлформат нағыз жаһандық ауқымда қайтажаңғырып, оның шешуші кезеңін өткізу бізгесеніп тапсырылды», – деп жазды ҚШФ президенті.

Оның айтуынша, мамыр айындаСолтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка және Азия елдерінің жетекші жоғарыоқу орындары бақ сынаған іріктеу кезеңдеріөтті.

Нәтижесінде алғашқы 8 қатысушыанықталды: Сент-Луис университеті, Далластағы Техас университеті, Орал тау-кенуниверситеті, Афины ұлттық техникалықуниверситеті, Вебстер университеті, Чили университеті, Гунадарма университеті жәнеәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситеті.

ҚШФ президенті қалған 8 қатысушыныңтікелей wild card алатынын атап өтті. Бүгінгітаңда олар: Кембридж университеті, Оксфорд университеті, Гарвард университеті, Пекин университеті және республикалықіріктеу арқылы жолдама алған Қазақ ұлттықспорт университеті. Тағы үш wild cardиегерінің аты кейінірек жарияланады.

Жалпы, Тимур Турловтың айтуынша, мұндай деңгейдегі университеттік турнир,спортта өзін көрсету және медальдар жеңіпалу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жаңаакадемиялық байланыстар орнатуға жәнебірлескен жастар жобаларын іске қосуғаберілген мүмкіндік.

«Студенттік шахматты «ойынға» қайтақосуға және осы жаһандық үдерістіҚазақстанның белсенді рөлін айқындауға бұлтаптырмас мүмкіндік екені қазірдің өзіндетүсінікті», – деп түйіндеді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР