
Қостанайда Қазақстанның Балалар Кубогы-2026дың 3-кезеңі – А. Г. Уфимцев мемориалы басталды. Турнир 11 дүркін Қазақ КСР чемпионы, КСРО спорт шебері Анатолий Гаврилович Уфимцевтің есіміне арналған. Ол шахмат теориясына «Пирц – Уфимцев қорғанысы» атты дебюттіңавторы ретінде енген.
30 мамыр мен 5 маусым аралығында 6-дан 14 жасқа дейінгі285 жас шахматшы жүлде үшін таласады.
Қатысушылар 9 турдан тұратын швейцариялық жүйеменжарысады. Уақыт бақылауы — 60+30 (партияға 60 минут + әр қадамға 30 секунд қосымша).
Турнир А (U-14)
134 шахматшы (2012 жылғы және одан кіші) қатысуда. Рейтингтік фавориттер:
Сондай-ақ жеңіс үшін күрескендердің қатарында 1-кезеңнің күміс жүлдегері Даниал Сәтеков (1866, Алматы) және 2-кезеңнің қола жүлдегері Аманбек Өтетілеу (1824, Ақтөбеоблысы) бар. Барлық фавориттер 1-турда өз партияларынжеңіспен аяқтады.
Турнир Б (U-10)
151 жас шахматшы (2016 жылғы және одан кіші) қатысуда. Ерекше көзге түсіп тұрғандар:
Бұл турнирде де фавориттер бірінші турда сәтсіздіккеұшыраған жоқ.
Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) төртінші жылқатарынан ересектер арасындағы KazChess Кубогыменқатар Балалар Кубогын да ұйымдастырып келеді. 2026 жылы ол 6 кезеңнен және Астанада 1-13 желтоқсанаралығында өтетін Финалдан тұрады.


