back to top

Рыбакина Қытайдағы турнирдің финалдық ойынына жолдама алды

Нинбодағы турнирдің жартылай финалында Елена Рыбакина (WTA №9) итальяндық Жасмин Паолиниді (WTA №8) жеңді, деп хабарлайды Sportinform.kz порталы.

Елена Рыбакина Сурет: championat.com

Жартылай финалдық ойын еліміздің алғашқы ракеткасының пайдасына 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Енді Рыбакина трофей үшін Диана Шнайдер-Екатерина Александрова жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Бұл турнир Эр-Риядтағы WTA қорытынды турниріне шығу үшін өте маңызды. Елена, Жасмин және Мирра Андреева (турнирден шыққан) қалған екі орын үшін таласады:

Паолини-4325 ұпай
Андреева-4320 ұпай
Рыбакина-4000 ұпай

Рыбакина Эр-Риядтағы турнирге шығу үшін осы турнирде топ жаруы керек.

Еске сала кетейік, Қытайдағы турнирдің жүлде қоры 1,06 миллион долларды (шамамен 569 миллион теңге) құрайды.

Материалды дайындаған: Алмас АСЫЛБЕК

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР