back to top

Жалпы білім беретін мектептерде шахматты енгізу бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан шахмат федерациясы 2026–2027 оқу жылына арналған «Шахмат негіздері» оқу пәнін енгізу бағдарламасына қатысу үшін жалпы білім беретін мектептерден өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Бағдарлама «Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында жүзеге асырылуда (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №576 қаулысы) және мектеп оқушыларының зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында шахматтық білім беруді оқу процесіне енгізуге бағытталған.

«Шахмат негіздері» пәні 1–4 сынып оқушыларына арналған және логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, зейінді шоғырландыруды, стратегиялық жоспарлау мен шешім қабылдаудағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Бүгінде бағдарлама еліміздің барлық өңірлерінде табысты жүзеге асырылуда. Бағдарламаға шамамен 1 500 мектеп қосылып, 3 000-нан астам педагог бастауыш сыныптарда шахматты оқыту бойынша арнайы оқытудан өтті.

Бағдарламаға қатысушы мектептер үшін қарастырылған мүмкіндіктер:

педагогтерді тегін оқыту және біліктілігін арттыру;

әдістемелік және консультациялық қолдау;

пәнді енгізу кезеңінде сүйемелдеу;

турнирлерге қатысу;

педагогтер мен сарапшылардың кәсіби қауымдастығына қол жеткізу.

Жалпы білім беретін мектептерді бағдарламаға қатысуға және Қазақстандағы шахматтық білім беруді дамыту бастамасының бір бөлігі болуға шақырамыз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР