back to top

«Мен жыладым». Торехан Сабырхан ағасымен болған конфликт туралы айтты

2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Торехан Сабырхан «1001 түн» бағдарламасының тікелей эфирінде жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

— Сіздерде Махмуд пен Торехан арасында төбелес болған кездер болды ма? Кім жеңетін?
— Біз бала кезімізде төбелеспедік, бірақ мен әрқашан таяқ жейтінмін. Біздің арамызда бес жас айырмашылық бар. Мүмкін, бір жас айырмашылығы бар таныстарымызда сондай болған шығар, бірақ мен ешқашан ағама қарсы шыққан жоқпын. Жылап, әкем мен анама шағымданатынмын.

«Үлкенді сыйлау, кішіні аялау» дейді ғой. Бұған бізді әкеміз бен анамыз, әжеміз бен атамыз үйретті. Соның арқасында біз осындай жетістіктерге жеттік.

Турнирдің финалында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы жапондық Севон Окадзавамен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Тореханның ағасы Махмуд та 55 келіге дейінгі салмақта 2025 жылғы әлем чемпионатының «алтын» жүлдесін жеңіп алды. Осылайша, ол қазіргі таңда екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр.

Ақпараттық ресурс: https://www.sports.kz/

Жариялаған: Сұңғат Мақсұтов
Фото: Торехан Сабырханның әлеуметтік желілерінен

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР