back to top

Филиппинде жасөспірімдер арасында теннистен Азия чемпионаты басталды

Қазақстандық жасөспірімдер Филиппинде 14 жасқа дейінгілер арасында жекелей сында басталған Азия чемпионатында өнер көрсетеді.

Қазақстан намысын Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қорғайды.

Қазақстандық жасөспірімдер 2025 жылы табысты өнер көрсетулері нәтижесінде аталмыш жарысқа Азия теннис федерациясынан (АТФ) шақырту алды.

Бұл турнирдің маңыздылығы сол, жеңімпаздар алдағы жылы Аустралия ашық чемпионатының екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under жарысына жолдама алады.

Қазақстандық жасөспірімдер осыған дейін Elite Junior Trophy 14 & Under шеберліктерін таныта білді. Альбина Кәкенова 2023 жылы, Ева Корышева 2024 жылы финалға дейін жетті. 2025 жылы Родион Трайгель тәжірибе жинақтап қайтты.

Ақпараттық ресурс: https://ktf.kz/

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР