back to top

Шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеді

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплинде Илья Мизерных пен Данил Васильев те финалда өнер көрсетті. Ал Илья Мизерных іріктеу кезеңінде көпшілікті таңғалдырып, ТОП-10-ға кірді.

2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді.

Жүлдегерлер:

1-орын. Домен Превц (Словения) — 301.8 ұпай
2-орын. Рен Никайдо (Жапония) — 295.0 ұпай
3-орын. Кацпер Томасяк (Польша) — 291.2 ұпай

8-орын. Илья Мизерных — 281.6 ұпай
27-орын. Данил Васильев — 235.9 ұпай

Илья Мизерных жарыс барысында Олимпиада чемпионы Филипп Рейменд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия), Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерден озып кетті.

Ақпараттық ресурс: Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР