back to top

Софья Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты

Фото: Сали Сабиров

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер сайысында финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Софья қысқа бағдарламасында 68.47 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Сондай-ақ оның Олимпиададағы дебюті туған күнімен (19 жас) тұспа-тұс келді.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):

1.Ами Накаи (Жапония) — 78.71 ұпай

2.Каори Сакамото (Жапония) — 77.23 ұпай

3. Алиса Лю (АҚШ) — 76.59 ұпай

12-орын. Софья Самоделкина — 68.47 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 19 ақпан күні Астана уақытымен 23:00-де өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Қазақстан екінші мәрте ғана жүлдеге таласып жатыр. 2018 жылы Пхенчхан Олимпиадасында ел намысын Айза Мамбекова мен Элизабет Тұрсынбаева қорғаған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР